«Матрица» және Village Roadshow-дың барлық фильмдері сатылымға шықты

Village Roadshow студиясының фильмотекасы банкроттық рәсімі аясында сатылады.


Фото: Kinorium
Фото: Kinorium

Village Roadshow Entertainment Group студиясының фильмотекасы әйгілі голливудтық киностудияның банкроттық процесі шеңберінде сатылатын болды.

Аталған активтердің құны бар болғаны 417,5 миллион АҚШ долларына бағалануда. Банкроттық істері жөніндегі судья Томас Хоран Village Roadshow-дың 108 көркем фильмінен тұратын топтамасын, оның ішінде "Матрица" және "Оушеннің он бір досы" сияқты әйгілі франшизалардағы үлестерін, студиялық бизнесті және түрлі авторлық құқықтарды Alcon Media Group компаниясына сату туралы ұсынысты мақұлдады. Бұл сатып алушыға осы тақырыптар бойынша болашақ фильм жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Өткен айда Village Roadshow – Голливудтағы ең табысты жасырын қаржыландырушылардың бірі болған компания – АҚШ-тың 11-бабы бойынша банкроттықтан қорғау туралы өтініш берді. Бұл жағдай компанияның контентті өз күшімен өндіруге бағытталған қымбат инвестицияларынан және Warner Bros-пен ұзақмерзімді әріптестікті үзуінен туындады.

Айта кету керек, студияның фильмотекасы жыл сайын шамамен 50 миллион доллар пайда әкеліп отыр.

Енді сот Village Roadshow активтерінің құнын барынша арттыру үшін өтетін аукционды бақылауда ұстайтын болады. Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 16 мамыр.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше