Аким Таразидың қайтыс болғанын ақын Бауржан Қарағұзұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Классик жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің айбынды ақсақалы Әкім Тарази ағамыз дүниеден өтіпті. Иманы саламат болсын! Роза Мұқанова апайыма, Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын!", – деп жазды Қарағұзұлы.
Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы жазушы Аким Таразидың туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған. Ол марқұмның жары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқановаға және балаларына қайғырып көңіл айтты.
Қазақстандық "Әдеби портал" сайтында көрсетілгендей, Аким Тарази 1933 жылдың 9 қыркүйегінде дүниеге келген. Ол – Қазақстанның жазушысы, драматургі, сценарисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ол "Қара жұлдызға апарар жол", "Кек", "Москва – Баласаз", "Тасжарған" романдарының, "Күлкісіз комедия", "Жақсы адам" пьесаларының авторы, Мәжит Бегалиннің "Іздер көкжиекке кетеді" атты классикалық фильмінің сценарийін жазған, сондай-ақ Болат Шәмшиевтің "Қараш асуындағы атыс" және Сатыбалды Нарымбетовтің Роза Мұқанованың повесі негізінде түсірілген "Ләйләнің дұғасы" фильмдерінің сценарийін бірге жазған.