Следуя решению президента о новом латинском алфавите казахского языка, Esquire.kz публикует отрывок из пятнадцатого слова Абая на новый лад. Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее и нажмите на ctrl c4.

казахский алфавит на латинице

Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Aqyldy kisi men aqylsyz kisinin’, menin’ bily’ims’e, bir belgili parqyn ko’rdim. A’y’eli – pende adam bolyp jaratylg’an son’, du’niede es’bir na’rseni qyzyq ko’rmei ju’re almai’dy. Sol qyzyqty na’rsesin izdegen kezi o’mirinin’ en’ qyzyqty y’aqyty bolyp oi’ynda qalady. Sonda esti adam, oryndy iske qyzyg’yp, qumarlanyp izdei’dy eken dag’y, ku’ninde ai’tsa qulaq, oilansa ko’n’il su’i’singendei bolady eken. Og’an bul o’tken o’mirdin’ o’kins’i de zhoq bolady eken.

Eser kisi ornyn tappai’, ne bolsa sol bir baya*nsyz, bag’asyz na’rsege qyzyg’yp, qumar bolyp, o’mirinin’ qyzyqty, qymbatty shag’yn i’tqorlyqpen o’tkizip alady eken dag’y, ku’ninde o’kingeni pai’da bolmai’dy eken. Zhastyqta bul qyzyqtan con’ ja’ne bir qyzyq tauyp alatyn kisimsip, zhastyg’y tozbastai’, buyny bosamastai’ ko’rip jurip, birer qyzyqty qy’g’anda-aq moi’ny qatyp, by’yny quryp, ekins’i talapqa qai’rat qylug’a jaramai’ qalady eken.

казахский алфавит на латинице

*Новый формат алфавита еще не предусмотрел вариант перехода «я» на латиницу


 

Поделиться: