Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінің салдары туралы жаңа есеп берді.

Президент Ердоған Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және әрекет ету мекемесінің (AFAD) штаб-пәтерінде жасаған мәлімдемесінде жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 912-ге жеткенін хабарлады.

Сонымен қатар жараланғандар саны 5312 екенін және 2470 адамның құтқарылғанын, ал қираған ғимараттардың саны 2818 екенін айтты.

«Бүгін сағат 04:17-де өткен ғасырда бастан өткерген 1939 жылғы Эрзинджан жер сілкінісінен кейінгі ең үлкен апат бізді қатты сілкіндірді.

Бүгінгі күнге дейін 912 азаматымыз қаза тауып, 5385 азаматымыз жарақат алған.

Жер сілкінісі үлкен шығын әкелген провинцияларымызда қираған ғимараттардың астында қалған азаматтарымызды табу және құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасуда», — деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Ердоған 45 елдің Түркияға көңіл айтып, қолдау білдіргенін, сондай-ақ 9 мыңға жуық құтқару тобымен жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

Поделиться: