Ата-аналар мектеп жарғысының сақталуына жауапты.

Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуға салынған тыйымды жойған жоқ
Фото: ТАСС, Сергей Узаков

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп танығаны туралы ақпарат тарап жатыр.

«Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы істі қарау аясында білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы туралы мәселені талқылауға кіріспеді. Кассациялық сот мектептің оқушыны сабаққа жіберуден бас тартуын заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады», — деп хабарлады ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бұл ретте тиісті министрліктің орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту құзіреті екенін қосты. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмады және жойылған жоқ.

«Сонымен қатар ата-аналар мектеп жарғысын және мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға жауапты екенін атап өтеміз. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі заңда белгіленген міндеттерін орындамауы заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жауапкершілікке әкеп соғады», — деп атап өтті Жоғарғы Сот.

Поделиться: