Көлік жүргізушілері тездетіп дөңгелектерін ауыстырулары керек.
1 желтоқсаннан бастап жалпыға ортақ жолдарда жазғы дөңгелектермен жүруге тыйым салу Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде жазылған. Оны елемеу ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша 5 АЕК (2022 ж. 15 315 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Температураның нөлден жоғары болуы немесе қардың болуы маңызды емес.
Техникалық регламентке сәйкес, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін автокөлікті M + S, M & S, M S әріптерімен белгіленген, тау шыңы белгішесі бар дөңгелектерде жүргізуге болады.
Қысқы шиналар барлық дөңгелектерде болуы керек. Қысқы дөңгелектерді екі дөңгелекке, ал қалған екеуіне толық маусымдық немесе жазғы шиналарды ілуге тыйым салынады.