184 жолаушы мінген Алматы-Пертопавл бағытындағы №105 жолаушылар пойызы өртке оранды


21 қыркүйек күні таңертең Алматы-Петропавл бағытындағы №105 жолаушылар пойызында өрт шығып, пойыз Мырза-Шоқай теміржол желісінде шұғыл тоқтатылды деп хабарлады Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Пойызда 184 жолаушы мен 32 қызметкер болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері мен 12 техника жіберілді.

"Өрт таңғы сағат 4.27-де артқы вагонның дизельдік бөлігінде болды. Қызметтік вагонның электр жабдықтарының жанғыш бөліктерінің пластикалық қабығы мен электр сымдары өртенді. Өрт таңғы сағат 7.08-де сөндірілді", - деп хабарлады ТЖД.

«Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметі өрт туралы хабарламады, бірақ Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы техникалық вагонның ақауы салдарынан шұғыл тоқтағанын атап өтті. Сондай-ақ оқиғаға қатысты тексеру жүргізу үшін «ҚТЖ» комиссиясының құрылғаны хабарланды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттары бойынша жолаушыларды баратын жерлеріне жөнелтумен айналысады.

№105 , №106 Алматы-2 - Петропавл бағытындағы екі рейс жолға шықты, ал қалған рейстер 26 қыркүйекке дейін тоқтатылды. Бүгін техникалық ақауы бар пойызды өрт шыққан вагонын ауыстыру және техникалық байқаудан өткізу үшін Астанаға жеткізді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше