Халықтың табиғи өсімі 268 мыңнан астам адамды құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның 12 208 259-ы қала тұрғындары, 7 556 745 адамы ауыл тұрғындары, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.
Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштері:
- туылғандар саны – 403,5 мың
 - қайтыс болғандар саны – 134,7 мың адам.
 - халықтың табиғи өсімі – 268,8 мың адам.
 
Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштері:
- ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 6,1%-ға өсті
 - елге тұруға рұқсат алу үшін келгендер саны – 17 293 адам
 - елден кеткендер саны – 24 239 адам
 - көші-қон сальдосы – -6 946 адам.