Халықтың табиғи өсімі 268 мыңнан астам адамды құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның 12 208 259-ы қала тұрғындары, 7 556 745 адамы ауыл тұрғындары, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.

Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштері:

  • туылғандар саны – 403,5 мың
  • қайтыс болғандар саны – 134,7 мың адам.
  • халықтың табиғи өсімі – 268,8 мың адам.

Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштері:

  • ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 6,1%-ға өсті
  • елге тұруға рұқсат алу үшін келгендер саны – 17 293 адам
  • елден кеткендер саны – 24 239 адам
  • көші-қон сальдосы – -6 946 адам.
Поделиться: