Бүгінгі кино әлемінде адам өмірдің маңызды кезеңі, дәлірек айтсақ жасөспірімдік шақтағы өзекті тақырыптарды, проблемалар мен қуаныштарды көрсететін фильмдер ерекше орын алады. 2024 жыл көрермендерге эмоционалды және қызықты оқиғалардың басты кейіпкері жасөспірімдерге айналатын көптеген фильмдерді ұсынады. Бүгінгі топтамада жаңа шыққан 5 үздік туындыны көруге ұсынамыз.

2024 жылы жарық көрген танымал 5 фильм
Фото: «Дюна: Часть вторая» фильмінен кадр

1. Дюна: Часть вторая (Dune: Part Two)

Рейтинг: 8,5

Герцог Пол Атрейдес қиын жағдайға тап болып, аты аңызға айналған батыр, пайғамбар және көшбасшы «Муад’Диб» болуға ұмтылып, Фремен тайпасымен күш біріктіруді шешеді. Сонымен бірге сол уақытта соғыс басталады, оның басты мақсаты – қантөгістің алдын алу, халқын ажалдан аман алып қалу.

2024 жылы жарық көрген танымал 5 фильм
Фото: «Дюна: Часть вторая» фильмінен кадр

Фремендердің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен астасып жатқан дүниені шарлап жүрген Пол өз бойынан күш пен даналықты ғана емес, бейбітшілік пен әділеттілікке жол табуға тырысады. Оның шешімдері мен іс-әрекеттері оны жарық пен қараңғылықтың, жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы шекараға апарады. Басты кейіпкердің әрбір әрекеті ұлы шайқастың нәтижесіне шешуші әсер ете алады. Фремендермен бірлесе отырып, ол өз халқының жауларына қарсы эпикалық шайқасқа қатысады, шығу тегі белгісіз күштерге қарсы тұрып, тарихтың бағытын өзгерте алатын құпияларды ашады.

2. Солнечное побережье (Suncoast)

Рейтинг: 6.4

Дорис есімді жасөспірімнің ағасы ауыр халде аурумен күресуде. Осындай қиын жағдайға тап болған жас жеткіншек жаңа эксцентрлік досынан қолдау мен үміт табады. Олар бірге күтпеген оқиғаларға тап болы, жаңалықтарға толы саяхатты бастайды. Ағасына көмектесудің жолын іздеген Дорис әдеттен тыс идеялары мен әрекеттері өзіне мүлдем оғаш көрінетін, бірақ еріксіз назарын аударатын жұмбақ досын жолықтырғанда бұл ерекше достық оның проблемаларын шешудің кілті болуы мүмкін екенін түсінеді.

2024 жылы жарық көрген танымал 5 фильм
Фото: «Солнечное побережье» фильмінен кадр

Әр қадамы, олар та болған шытырман оқиғалардан кейін достардың қарым-қатынасы тереңдей түседі, бір-бірінің болмысының жаңа қырларын ашып, ұмытылмас тәжірибелер мен өмірге жаңа көзқарас қалыптасады. Әрбір әрекет күтпеген салдарға әкеледі және олар бір-бірінен күш пен шабыт таба отырып, кедергілерді жеңуді үйренеді.

3. Из моего окна 3: Новая встреча (A través del mar)

Рейтинг: 5.7

Бұл Netflix-тен 2024 жылғы жасөспірімдерге арналған махаббат туралы фильмдердің бірі. Ракель мен Арес бір-бірін шын жақсы көреді, алайда қоштасатын сәт келді деп шешкен олар өздерінің сезімдерін ұмытуға тырысып, бөлек жолдармен жүре бастайды. Алайда, қысқы суық күндердің бірінде күтпеген жағдай орын алады, олар бір-бірін қайта жолықтырады.

2024 жылы жарық көрген танымал 5 фильм
Фото: «Из моего окна 3: Новая встреча» фильмінен кадр

Қысқы ертегіде ұмытылған сезімдер оянып, кейіпкерлерге сезімдерінің өшпегенін көрсетеді. Ракель мен Арес бір-бірін ұмыту мүмкін емес екенін мойындайды. Сүйіспеншілік, табандылық және құрбандық туралы бұл фильм екі жанды байланыстыратын махаббаттың қаншалықты күшті болатынын көрсетеді.

4. Дрянные девчонки (Mean Girls)

Рейтинг: 5.3

Бүкіл өмірі Кенияның жабайы табиғатында және зоолог анасының қатаң тәрбиесінде өткен Кэди есімді қыз кенеттен әр қадамы түсініксіз және оғаш болып көрінетін стандартты американдық мектепке тап болады. Ең танымал қыз Регина Джорджды оны өзінің әлеуметтік ортасына шақырғанда, оның әлемі төңкеріледі. Жаңа достар мектептегі интригалар мен жергілікті «ханшайымға» және оның сарай қызметкерлеріне тыңшылық әлеміне кіріп кетеді.

2024 жылы жарық көрген танымал 5 фильм
Фото: «Дрянные девчонки» фильмінен кадр

Бірақ Кэди Регинаның бұрынғы жігітін ұнатып қалады. Бұрынғы «достар» бәсекелестерге айналады, ал тыңшылық ойыны махаббат пен достық және мектеп иерархиясындағы орны үшін күреске айналады. Құмарлық, сатқындық және ойдан шығарылған интрига толқыны басты кейіпкерді өзін-өзі анықтау жолына түсуге және өмірдің шынайы құндылықтарын ашуға мәжбүр етеді. Күтпеген бұрылыстарға толы фильм өз мүддесі үшін күрес пен шынайы сезімдер астасып жатқанда біздің жүрегіміз нені таңдайтынын көрсетеді.

5. Злая (Wicked: Part One)

Фильм премерасын күту рейтингі: 96%

Көрсетілім күні: 2024 жылдың 24 қарашасы, АҚШ

Оқиға Оз елінде орын алады. Тәтті және мейірімді қыз Эльфаба — қоғамның қатал менсінбеуіне және түсінбеушілігіне тап болатын американдық жасөспірімдер туралы фильм. Қорлау мен қысым салдарынан жасөспірімнің жан дүниесінде ашу күшейіп, ол Батыстың аңызға айналған зұлым сиқыршысына айналады. Оқу орнында жас сиқыршы Глинда есімді ведьмамен және жергілікті ханзада Фийеромен кездеседі. Оз сиқыршысы тұрғындардың санасында қалыптасқан құлым бейнеден алшақтап, аңыз кейіпкерінің ерекшеленетін шынайы болмысын ашуға назар аударады.

2024 жылы жарық көрген танымал 5 фильм
Фото: «Злая» фильм тизерінен кадр

Сатқындық, махаббат, адалдық және бүлік осы әлемді өзгертіп, жанның шынайы бояуларын және Оз әлеміндегі күрделі қарым-қатынастарды ашады. Басты кейіпкерлердің тағдырларының тоғысуы интрига мен драманың дамуына әкеледі, мұнда әрбір кейіпкер қиын таңдауларға және әрекеттерінің салдарына тап болады.

Ақерке Дүйсенбай

Поделиться: