Павлодарлық тәртіп сақшылары облыс орталығындағы ұялы телефон дүкенінде қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Хабарланғандай, Павлодарда өткен жылдың 22 желтоқсанында белгісіз ер адам сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында сатушы қызға шабуыл жасаған. Әйелді пышақпен қорқытып, қол-аяғын байлап, 25 дана iPhone ұялы телефонын және 305 мың теңгеден астам ақшаны ашық түрде иемденген.
«Аса ірі көлемде жасалған тонау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, жедел уәкілдер екі күдікті 31 және 28 жастағы екі тұрғынды анықтап, ұстады», - деді Павлодар облысы бойынша полиция бөлімінің бастығы Василий Скляр.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 12 миллион теңгені құрады.