5 жасар қыздың өлімі: судья жұмыстан қуылды


Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген қылмыскерге қатысты тым жеңіл үкім шығарған судья қызметінен босатылады.

Иллюстративті сурет

Жоғарғы сот үстіміздегі жылдың мамыр айында жас қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.

Қызды өлтірген күдікті бұған дейін 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ал 2023 жылдың мамыр айында мас күйінде жанжал кезінде ауылдасын балтамен ұрғаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, түрмеге жіберілмеді.

Бұл үкім заңсыз деп танылады, оны шығарған судья қызметінен айырылады.

Еске салайық, «Үнсіз қалма» қорының негізін қалаушы Дина Таңсари әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бұрын сотталған кәмелетке толған ер адам 2018 жылы туған қызды өлтіріп, ұсталғанын хабарлаған еді.

Облыстық полицейлер 13 шілдеде Сарыағаш аудандық бөліміне бала жоғалған әйел арызбен жүгінгенін растаған. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаттарымен қыздың мәйітін тапқан.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше