«7 миллионға жуық бала ақша алады»: Ұлттық қор балалар тізімі дайын екенін айтты


Бұл туралы бүгін, 2024 жылдың 16 қаңтарында қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет ашық дереккөзден

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша қаражат алатын қазақстандықтардың тізімін жасады.

«БЖЗҚ жобасының операторы «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша алғашқы трансферттерді алатын қазақстандықтардың тізімін жасап қойды, 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады», - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Қор «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы бойынша алғашқы төлемдер ағымдағы жылдың ақпан айында жүзеге асырылатынын түсіндірді.

Еске салайық, Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы ресми түрде іске қосылды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше