Ол әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Әнші, актриса Динара Әлжанның сұхбатынан кейін Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желіге жазба қалдырды.
“Шындық шырылдап жетемін дегенше,
Өтірік талай жерді өртейді”, – деп жазған экс-әкім.
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен төсектес болғанын, Шымкенттің экс-әкімі өзіне 20 мың доллар тұратын бриллиант сырға тарту етіп, үй аласың деп 70 мың доллар бергенін айтқан еді.
Шымкенттегі той кезінде Ғабидолла Рахматуллаевич көмекшілірімен сол тойға келді. Сол кезде қонақүйімнің ақшасын төлей алмай жүрген кезім. Ол тойда маған ұзақ қарап отырды, сосын мені биге шақырды. Кейін мен ол кісімен жақын танысып, ол көмекшесіне хабарласып маған «Rixos» қонақүйінен «VIP» номер алып берді. Келесі күні ол мені ресторанға шақырды. Ғабидолла мырза маған 70 мың доллар берді. Мен ол ақшаға 5 бейнебаян түсірдім және үй алдым, - дейді әнші.
“Жақсы адамның артынан сөз еретіні рас”, “Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды”, “Ол қыздың айтқаны кешігіп жеткен шындық па?”, “Әңгімені өртейсіз, Ғабеке”, “Бір апта өткен соң афоризм салмай, шындықты бірден неге айтпадыңыз”,- деген пікірлер бар.