"Қаңтар оқиғасына Назарбаевтың қатысы бар ма?" деген сұраққа Бас прокурор жауап бере алмады


«Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын», - деді Асылов парламент отырысында.

"Бұл іс ҰҚК «құпия» санатына жатқызып тергеп жатыр. ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісін тергеп жатыр. Бұл құпия санатқа жатады. Мен сізге айта алмаймын», - деді Асылов.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов журналистердің Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасына қатысы бар ма деген сауалына жауап бере алмады, деп жазады informburo.kz.

Сондай-ақ Берік Асыловтан ресейлік журналист Леонид Млечиннің «Қайғылы қаңтарПрезидент Тоқаев және тағылым» кітабында қаңтар оқиғасына себеп болған экс-президент Назарбаевтың елдегі билікті басып алғысы келуі туралы неліктен жазылған деген сұрақ қойылды.

«Кітапты жазған адамнан сұраңыз», - деп қысқа қайырды бас прокурор.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше