«Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын», — деді Асылов парламент отырысында.

«Бұл іс ҰҚК «құпия» санатына жатқызып тергеп жатыр. ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісін тергеп жатыр. Бұл құпия санатқа жатады. Мен сізге айта алмаймын», — деді Асылов.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов журналистердің Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасына қатысы бар ма деген сауалына жауап бере алмады, деп жазады informburo.kz.

Сондай-ақ Берік Асыловтан ресейлік журналист Леонид Млечиннің «Қайғылы қаңтарПрезидент Тоқаев және тағылым» кітабында қаңтар оқиғасына себеп болған экс-президент Назарбаевтың елдегі билікті басып алғысы келуі туралы неліктен жазылған деген сұрақ қойылды.

«Кітапты жазған адамнан сұраңыз», — деп қысқа қайырды бас прокурор.

Поделиться: