Бірер күн бұрын Болат Назарбаевтың бұрынғы жары, әнші Динара Әлжан сұхбат барысында Қайрат Нұртас туралы айтқан болатын.
Қайрат Нұртас өзінің ойынханада қомақты ақша жоғалтып алғанын және қарызын өтеу үшін одан көлік алғанын айтып, Динара Әлжанның сөзін жоққа шығарды.
YouTube желісіндегі «Уақыт көрсееді» шоуына қонақ болған Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі:
«Мен Кентал есімді әншімен казиноға бардым. Залға кірсек, Қайрат Нұртас отыр екен, көңіл-күйі жоқ. Белгілі болғандай, ол қомақты соманы жоғалтқан. Сосын ол менен көлік сұрады. «Динарқа, көлігіңді маған қарызға бер! — деді де, ертең қайтарып, үстіне екі мың доллар қосатынын айтты".
Динараның айтуынша, Қайрат сөзінде тұрған.
«Иә, ол шынымен де қиын жағдайда болды. Қайрат енді бала емес, бұл да бір сынақ… Жас кезде не болмайды. Мүмкін ол жаққа әдейі бармаған шығар. Мен оның жеңілгенін көрдім, мен оған көлігімді бердім. Ертең түстен кейін маған қайтарып, үстіне екі мың доллар қосамын деді. Ол уәде еткендей көлікті қайтарды, бірақ мен ақшаны алмадым », - деді Динара Әлжан.
Сондай-ақ сұхбат барысында Динара қарызға белшесінен батқан Нұртасқа Болат Назарбаевтың 400 мың доллар беріп, құтқарып қалғанын айтты. Бірақ әнші Әлжанның сөзін үзілді-кесілді жоққа шығарды.