Алматылық еріктілер садақа сұраған қарт әйелді қарттар үйіне апарды.
Шаршап-шалдығып, арбаға таңылған 66 жастағы зейнеткерді барахолкада қолын созып, қайыр тілеп отырғанын еріктілер байқаған. Бір күдіктісі зейнеткер өткен адамдарданбанк шотына ақша аударуды өтінген. Бірдеңе дұрыс емес деп күдіктенген еріктілер оны дереу қарттар үйіне апарды.
Еріктілердің айтуынша, әйелді таңертең барахолкаға әкеліп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. «Меншік иелері» зейнеткердің денсаулығына мән бермеген. Олар үшін ең бастысы ақша.
Садақа сұраған егде әйелдің айтуынша, ол көшеде - ыстықта да, суықта да болған. Оны тек нан мен сумен тамақтандырған деген болжам бар. Бұл ретте әже бірінші топтағы мүгедек. Алматыға келгенге дейін Атырау мен Ақтөбеде тұрған. Содан кейін ол басқа «қожайындардың» қолына өткен.
«Менің есімде жоқ, олар мені ұрып-соқты, қорқытты. Аз ақша әкелесің дейді, бірақ мен көп ақшаны қайдан аламын», - деп бөлісті зейнеткер.
Еріктілердің айтуынша, белгісіз біреулер алдымен оның жеке куәлігі мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы алған зейнетақы кітапшасын алып алған. Олармен байланысу әрекетінің барлығы сәтсіз аяқталды.
«Олар телефон соққанда, сіз кімсіз? Біз сізге ештеңе айтпаймыз деді. Одан басқа арбаға таңылғандар да әкелінеді. Олардың бәрі адамнан қорқады, сыбырлап сөйлеседі, барлығы көмек сұрайды. Бұл өте күрделі мәселе екенін түсініңіздер. Бұл іске қоғам назарын аудармаса, адам саудасы, құлдықта ұстау жалғаса береді», – дейді «Әділ» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Оксана Маралова.
Жәбірленуші қазір қарттар үйінде тұрады. Іс бойынша полиция тергеуді бастады.
«Өтінім бойынша тергеу амалдарын жүргіземіз. «Заңсыз баю» және дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргіземіз. Құлдықта ұстау бойынша да істі қараймыз», - деді Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі Мұхамедәлі Әбдінаби.
Сондай-ақ, полиция банктік есепшоттың кімге тиесілі екенін анықтаймыз деп сендірді. Ол үшін қаржы институтына сұраныс жібереді.