Белгілі блогер Айжан Байзакова Динара Сәтжанға сұхбат беріп, өзінің тұрмысқа шығуы және тегін ауыстыруы туралы айтып берді.
Айжан 2022 жылдың қазан айында Нұрбек есімді жігітке тұрмысқа шықты, ол әлі де фамилиясын жарияламады. Блогер күйеуі екеуінің қалай танысқанын айтып берді.
«Біз караокеде таныстық. Алғашқы алты айда дос болдық. Екеуміз серуендеп, бірге жүрдік. Қарым-қатынас достық ретінде басталғанда, сіз кім екеніңізді көрсетесіз. Сонда бір-біріміздің кемшілігімізді мойындап, осы кемшіліктермен өмір сүруге дайын екенімізді түсіндік. Нұрбекпен кездеспей тұрып, "тұрмысқа шығу деген не сұмдық, одан аулақ болу керек" деп ойлайтынмын. Алайда онымен бірге менің көзқарасым өзгерді, мен үйлену тойын, көйлек киюді және оған байланысты барлық нәрсені армандайтын болдым », - дейді Айжан.
Айжан фамилиясын өзгерткенін мойындап, оған не итермелегенін айтты.
"Иә, мен фамилиямды өзгерттім. Мен өзімнің фамилиямды жақсы көремін, бірақ алғашында Нұрбек: «Тегіңді ауыстырасың» дегенде, мен қаламадым. Сосын бір жерден оқып едім, əйел күйеуінің фамилиясын алса, нағыз отбасы болып кетеді екен», - деп мойындады қыз.
Блогер күйеуінің ата-анасы олардың қарым-қатынасын қалай қабылдағанын да айтып берді.
«Нұрбектің әкесі басында есеңгіреп қалды. Бірақ, бірінші танысуға барғанымызда бәрі керемет болды. Қазір олар менің оларға деген көзқарасымды көреді, мен оларды шын жүректен жақсы көретінімді біледі. Олар үшін ең бастысы Нұрбек екеуміз бір-бірімізді жақсы көріп, бақытты болғанымыз», - деді Айжан.