Отандық танымал актрисаларының бірі Гүлназ Жоланова 2023 жылдың ақпан айында тұрмыс құрған еді.
Жақында ғана үйлену тойындағы суреттерімен бөліскен актриса бастапқыда үйлену тойын оқырмандарынан жасырды. Маңызды оқиға туралы актриса Instagram желісіндегі парақшасында тойдан видео жариялап жазды.
"Естелік болып қала берсін», – деп пікір білдірді Гүлназ.
Өздеріңіз білетіндей, Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі Өскемендегі мейрамханалар мен қонақүйлер желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Кәсіпкер «Бес жұлдыз» ЖШС директоры және «Residence Ostrov» демалыс және ойын-сауық орталығының негізін қалаушы.