Аланияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды


Еске салайық, ағымдағы жылдың 30 шілдесінде таңертең Аланияда шағын автобус 12 Қазақстан азаматын тасымалдаған жол-көлік оқиғасы орын алған болатын.

Сурет оқиға орнынан: NTV

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркия полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, жүк көлігімен соқтығысқан. Осы оқиға салдарынан жақын маңдағы ауруханаларға шұғыл жеткізілген зардап шеккендер бар.

Барлық мән-жайды және азаматтарымыздың денсаулық жағдайын анықтау үшін қазақстандық консул дереу Аланияға аттанды. Онда емдеу мекемелерін аралап, зардап шеккен жерлестермен кездесті.

"Қазақстан Республикасының 12 азаматының екеуінің жағдайы орташа ауыр. Оларға қазірдің өзінде ота жасалды және барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қалған 10 жерлесіміздің, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Анталиядағы қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста болып, тиісті жұмыстарды атқаруда.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше