Борышкерлердің жұмыс істейтін орындарды әкімдіктер анықтайды.

Алимент төлемей жүрген "әкелер" көше сыпыруға жөнелтіледі
Фото: stan.kz

«Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты алимент бойынша қарызы бар үш азаматтың ісін қарады. Бірі жауапкершіліктен жалтарып, кірісін қасақана жасырса, енді бірі балаларды асырай алмайтынын түсіндірді»,- деп жазады polisia.kz.

Сот үкімімен үшеуі де бір жылға бас бостандығынан шектеліп, 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа тартылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі.

Мысалы, азамат А., балаларына алимент төлемей, табысын жасырып, әкелік міндеттерін орындамаған. Ол сот тағайындаған жазасын тұрғылықты жерінде өтейді, яғни өз ауылының көшелерін жинайды.

Ішкі істер департаменті хабарлағандай, борышкерлер жұмыс істейтін орындарды жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Көбінесе жаза ретінде біліктілікті қажет етпейтін жұмыс тағайыналады, яғни елді мекенді тазалау және абаттандыру. Жыл басынан бері облыста мұндай жұмысқа 10 адам жұмылдырылған.

Поделиться: