Алматы әкімдігі мектеп табалдырығында жаншылған оқушылардың видеосына қатысты пікір білдірді


Алматыдағы мектеп директоры төбелестен кейін қызметінен айырылды.

Сурет ашық дереккөзден

Желіде жан түршігерлік видео пайда болды. Кадрда оқушылардың мектеп баспалдақтарында жаншылып жатқанын көруге болады. Балалар қорқып қатты айғайға басқан.

Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның №41 мектепте болғанын хабарлады. Мұнда 870 орындық 1426 бала оқиды.

"27 ақпанда екінші ауысымнан кейін бірінші қабаттағы мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде бір топ оқушылар жиналды. Оның себебі – оқушылардың киім ауыстыру үрдісінің дұрыс ұйымдастырылмауы. Бұл мектепте бұрын соңды болмаған. Зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді департамент.

Мектеп директоры қызметінен босатылды.

Алдағы уақытта билік бұл ауданда екі мың оқушыға арналған жаңа мектеп салу арқылы мәселені шешуге уәде беріп отыр. Оның қашан салынатыны нақтыланбаған.

Бұл Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері бірінші рет болып отырған жағдай емес. Қыркүйектің 8-і күні Қазнет төңірегінде Көкшетаудағы мектептердің біріндегі жан түршігерлік видео тарап кетті. Балалар бір-бірін итеріп, кейбірі тіпті еденге құлап, орнынан тұра алмады.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше