Алматы облысында полицейлерге пара алғаны үшін 58 миллион теңге айыппұл салынды


Қарасай аудандық соты жол-патрульдік полиция батальонының алты қызметкеріне қатысты үкімді жариялады.

Сурет ашық дереккөзден

Қаңтар айының басында тәртіп сақшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін жүргізушілерден пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Полиция қызметкерлері заңды бұзғаны үшін жалпы айыппұл ретінде 58,8 миллион теңге, сонымен қатар әрқайсысы 3,85 миллион теңге төлеуі тиіс.

Барлық полиция қызметкерлері өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабына сәйкес, сотталғандар айыппұлды белгіленген мерзімде төлемесе, олардың жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше