Алматы тауларында бақылау бекеттері орнатылды

Құтқарушылар алматылықтарды қар көшкіні қаупі туралы ескертеді.


Фото: Максим Золотухин
Фото: Максим Золотухин

Жақында болған Алматы тауларындағы көшкін бір адамның өмірін қиды – қайғылы оқиға кезінде жас қыз көз жұмды. Осыған байланысты Алматы тауларында қосымша бақылау бекеттері орнатылып, құтқарушылар қауіпсіздік шараларын күшейтті.

ТЖД мен Қазселденқорғау қар жамылғысының тұрақсыз екенін атап өтіп, тұрғындар мен туристерді қауіпті аймақтардан аулақ болуға шақырады. Қар көшкінінің алдын алу мақсатында арнайы мониторинг жүйелері іске қосылып, тәулік бойы бақылау жүргізілуде.

Құтқарушылар тауға шығатын тұрғындарға ауа райы болжамын мұқият бақылап, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше