Қаладағы жеке тұрғын үйлердің аулаларында және төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Алматыда 38 үй мен 4 жолды су басты
Фото: ҚР ТЖМ

Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су тасқынының салдарын жедел жоюда.

Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматыда ауа райының күрт нашарлауына және нөсер жаңбырмен бірге жылдамдығы 18-24 м/с болатын екпінді желге байланысты қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Поделиться: