Алматыда қоғамдық көлікпен жүру құны тағы да қымбаттайды


Алматы қалалық мәслихаты қоғамдық көліктердің жаңа тарифтерін бекітті.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы автобустарында жол жүру ақысы 120 теңгеге дейін көтерілді.

Сондай-ақ, депутаттардың шешімімен жол жүру ақысын қолма-қол төлеу алынып тасталды.

Жаңа тариф 10 күннен кейін күшіне енеді.

2023 жылы Алматыда автобуста жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 80 теңге болып бекітілді. 2017 жылдан бастап қолма-қол төлеу кезінде жол жүру ақысы 150 теңге болып бекітілді. Қазір жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлем 100 теңге, қолма-қол төлем 200 теңге.

"Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы бағыттарда жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің бағасы 120 теңге мөлшерінде белгіленсін", - делінген құжатта.

Әкімдіктің мәліметінше, жеңілдетілген санаттағы азаматтар үшін жол жүру ақысы төлемнің 50 пайызына тең. Сонымен қатар қоғамдық көліктерде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құзырлы органдар қолма-қол жол жүру ақысын алып тастауды қарастырған.

"Бұл автобус жүргізушісіне көлікті жүргізуге және ақша жинауға алаңдамауға мүмкіндік береді", – деп есептейді әкімдіктегілер.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше