Жұртшылыққа «Томирис» рөлі арқылы танылған актриса Альмира Тұрсын өзінің Instagram парақшасында халықаралық сұлулық байқауына дайындығымен бөлісті.

“Mrs. Globe халықаралық байқауына орай ұйымдастырылған түсірілім. Мен Қазақстанның атынан бағымды сынаймын. Ақтық сын Америкада маусым айында өтеді. Алда дайындық, образдарды жинап, саяхатты ұйымдастыру керек. Қолдау көрсеткен достарыма және командама алғыс айтамын. Шығармашылығы мен еңбегіне ризашылығымды білдіріп, өз істеріңді оңай әрі кәсіби деңгейде орындағандарың үшін рахмет!”, – деп жазды өнер иесі. 

Өткен жылдың қазан айында 32 жастағы актриса «Mrs. Globe Kazakhstan-2022» байқауында жеңіске жетіп, Mrs. Globe халықаралық байқауына жолдама алған болатын.

Поделиться: