Мәжілісмен Мақсат Толықбай осылай деді.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тергеуде жатқан жиені Қайрат Сатыбалды Алматының орталығындағы Double Tree by Hilton Almaty қонақүйін сатып алуға мүмкіндік алды.
«Алматының орталығындағы «Double Tree by Hilton Almaty» қонақүйі бір кездері кәсіпкер Шолпан Қаранеевадан рейдерлік жолмен тартып алынған қонақүй Қайрат Сатыбалдынының қолына түсіп үлгерді. Бұл кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені түрмеде отырған болатын. Ал тергеуде және уақытша ұстау изоляторында болғанына қарамастан, ол құжаттарға қол қойып, қонақұйге қол жеткізді»,- дейді Мақсат Толықбай.
6 млрд теңгеге сатып алу-сату шарты жасалғаны атап өтілді.