Америкалықтардың 86%-ға жуығы АҚШ президенттігіне 75 жасқа дейінгі жас шектеуін енгізу қажет деп санайды, деп жазады eaquire.kz Reuters басылымына сілтеме жасап.
20 қарашада АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 80 жасқа толды. Ол АҚШ тарихындағы ең қарт президент атанды.
Рональд Рейган Ақ үйден кеткенде 77 жаста еді. Байден 2024 жылғы сайлауда жеңіске жетсе 86 жаста болады. Оның жетекші әлеуетті қарсыласы Дональд Трамп, егер ол жеңсе, мерзімінің соңына дейін жасы 82-ге жетеді.
Кейбір америкалықтар президенттікке ықтимал екі үміткердің жасы ұлғайғанына алаңдайды.
АҚШ-тағы адамдар қартайғанша еңбек етеді. Қазір миллиондаған американдықтар 65 жастан кейін де жұмыс істейді. Бұл саясаткерлерге де қатысты.
Коммерциялық емес Халықты анықтау бюросы 65 және одан жоғары жастағы халық саны екі есеге жуық артады, яғни 2018 жылғы 52 миллионнан 2060 жылға қарай 95 миллионға дейін өседі деп болжайды. 2026 жылы әрбір төртінші ер адам 65 жастан кейін де жұмыс істейді.
Reuters сауалнамасына сәйкес, саясаткерлер арасында:
Демократтардың 71%-ы Байденді «ақыл-ойы кем және қиындықтарды жеңе алмайды» деп санайды; 46% оның 2024 жылы сайлауға түсе алмайтынына сенеді;
Республикашылдардың 26%-ы Трамп жасына байланысты 2024 жылға дейін өмір сүрмейді деп есептейді.
Қарапайым американдықтар арасында:
68% Байден екі жылдан кейін сайлау науқанын жеңе алмауы мүмкін деп санайды;
49% Трамп туралы дәл осылай дейді.