Корей киносы – әлемдегі ең үздік кинолардың бірі, оның басты мақтанышы – детективті фильмдері. 2000 жылдардан бері осы жанрды дамытып, алға жылжытып, жаңа стандарттарды белгілеген Оңтүстік Кореядан келген режиссерлер болды. Ал жыл сайын көруге тұрарлық кем дегенде бір корей детективтік фильмі шығады. Бүгінгі топтамада ең үздік 9 фильм туралы айтамыз.

Қанды қылмыс: Оңтүстік Кореялық детективтік 5 фильм
«Пылающий» фильмінен кадр, 2018

1.»Вопль» фильмі, 2016

Қанды қылмыс: Оңтүстік Кореялық детективтік 5 фильм

Режиссер: На Хонгжин
Басты рөлдерде:
Квак То Вон, Хван Чон Мин, Джун Кунимура, Чон У Хи, Ким Хван Хи, Хо Джин

Кореяның Коксон ауылында жұмбақ оқиғалар орын алады: жергілікті тұрғындар бірінен соң бірі есінен танып, көпіршіктерге оранып, жақындарын аяусыз өлтіреді. Полицияның жалғыз нұсқасы — тұрғындар галлюциногенді саңырауқұлақтармен уланған. Алайда ауыл тұрғындары бұл жағдайға орманға жақын жерге жақында қоныстанған жапондықтар кінәлі дейді. Жергілікті учаскелік полиция қызметкері өзі қаламаса да бұл істі тексеруі керек, себебі оның кішкентай қызында да ауру белгілері пайда болады.

Құқық қорғау органдары туралы көптеген корей фильмдері сияқты «Вопль» фильмі де ойға кірмейтін комедия ретінде басталады: кейіпкерлер еш себепсіз күлкілі айқайлапғ бірі құлап жүреді, ал басты кейіпкер жұмысқа кешігіп келіп, ешкім сенбейтін оқиғаны айтып ақталады. Бірақ бірте-бірте фильм детективтік оқиғаға емес, адамзат табиғатының әлсіздігі туралы, зұлымдықтың қалай өмір сүретіні туралы қорқынышты оқиғаға айналады. Режиссер На Хонг-Джин («Преследователь», «Желтое море») қорқынышты кадрларды көп қолданады, соның арқасында көрермен экраннан көз ала алмайды.

2. «Воспоминания об убийстве» фильмі, 2003

Қанды қылмыс: Оңтүстік Кореялық детективтік 5 фильм

Режиссер: Пон Джун-хо
Басты рөлдерде:
Сон Кан-хо, Ким Сан-гён, Ким Рве-ха, Сон Джэ-хо, Пён Хи-бон, Ко Со-хи

1980 жылдар, Хвасон қаласы. Белгісіз біреу түнде қыздарды зорлап, өлтіріп, жәбірленушілерді өз киімдерімен байлап, құрсағында шабдалыны немесе қаламның бөліктерін мазақ етіп қалдыра бастайды. Жергілікті детектив Пак Ту-ман ондай жауздыққа қабілетсіз баланы кінәлі етіп көрсетуге тырысады, сондықтан Хвасон полициясына көмекке Сеулден тергеуші жіберіледі. Детективтер маньяктың мінез-құлқын талдап, құрбандар арасындағы ұқсастықтарды іздейді, қалай қайтыс болғандарын зерттейді. Алайда қанышерді таба алмайды, жаңа өлімнің алдын алу үшін детективтерде уақыт өте тығыз болады.

Детективті фильмді нақты басты кейіпкерсіз және маньякты еш көрсетпей түсіру ойға келмейтін сияқты. Бірақ Бонг Джун Хо бұл тапсырманы мүлтіксіз орындады. «Воспоминания об убийстве» фильмі қарапайым нәрселерден құрылған сияқты. фильмде күлкі және қорқыныш арасындағы тепе-теңдік, қанішердің негізсіз адам өлтірулері мен оқиғаның түсініксіздігі көрерменді екі сағаттан астам уақыт бойы күдікте ұстайды. Тіпті 21 жыл өтсе де, фильм көрерменді таң қалдырады. Сон Кан Хоның актерлік шеберлігін, оның қылмыскерге деген айыптауға толы көз-қарасын көп уақытқа дейін ұмыта алмайтыныңыз сөзсіз.

3. «Пылающий» фильмі, 2018

Режиссер: Ли Чхан-дон
Басты рөлдерде:
Ю А-ин, Чон Джон-со, Стивен Ян, Ким Су-гён, Чхве Сын-хо, Мун Сон-гын

Қанды қылмыс: Оңтүстік Кореялық детективтік 5 фильм

Жұмыссыз жүрген жас жігіт Ли Чон Су бала кездегі досы Хэмимен кездейсоқ кездесіп қалады да, оған бірден ғашық болады. Бірақ қыз көп ұзамай Африкаға ұшып кетеді және шет елден жігітімен оралады. Хэммидің жаңа жігіті Бен Джон Судың қандай да құпиясы бар. Ол басқалардың жылыжайларын өртеумен хоббиі ретінде айналысады. Бірақ Чон Су оның тек қана осындай қылмыспен шектелмейтініне сенімді.

«Пылающий» — Оңтүстік Кореяның бұрынғы мәдениет министрі және қылмыстық сирек фильмдер түсіретін тамаша режиссер Ли Чан Донның фильмі. Сюжет Харуки Муракамидің «Қараны өртеп жібер» әңгімесіне негізделіп құрылған. Басты кейіпкер Ли Чон Су бейнесі басқа адамдардың қылмыстарын емес, өзінің толық экзистенциалды шатасуын зерттейді.

4. «Монтаж» фильмі, 2013

Қанды қылмыс: Оңтүстік Кореялық детективтік 5 фильм

Режиссер: Чон Гын-соп
Басты рөлдерде:
Ом Джон-хва, Ким Сан-гён, Сон Ён-чхан, Чо Хи-бон, Чон Хэ-гюн, Ю Сын-мок

1997 жылы белгісіз біреу жалғыз басты ананың қызын ұрлап, 50 мың доллар төлем талап етеді, бірақ ақша аудару кезінде қыз қайтыс болады. Қылмыстың ескіру мерзімі 15 жыл өтсе де, кінәлі әлі табылмай отыр. Жаңадан орын алған қылмыс сол оқиғаны егжей-тегжейлі қайталайды: жоғалған қызды қайтару үшін 50 мың доллар талап етілу, ақша салынуы керек армиялық рюкзак. Сондықтан бірінші қылмысты аша алмаған тергеуші детектив бұл істі де зерттеуге кіріседі.

Бала ұрлау — корей киносындағы ең маңызды тақырыптардың бірі, ал «Монтаж» — осы тақырыптағы ең жақсы детективтердің бірі. Соншалықты жақсы ойластырылып, түсірілген бұл оқиға шиеленіске толы. Ерекше қуантатыны, жоғарыда айтылған «Воспоминания об убийстве» фильмінде тергеушінің рөлін сомдаған актер Ким Санг-кюн бұл фильмде де детектив рөлін қайтадан тамаша ойнап шығады.

5. «Решение уйти» фильмі, 2022

Қанды қылмыс: Оңтүстік Кореялық детективтік 5 фильм

Режиссер: Пак Чхан-ук
Басты рөлдерде:
Пак Хэ-иль, Тан Вэй, Ли Джон-хён, Пак Ён-у, Ко Гён-пхё, Ким Щин-ён

Тергеуші Хэ Джун жардан құлаған тәжірибелі альпинисттің өлімін тексеруге міндеттенеді. Ер адамды біреу итеріп жіберген болуы мүмкін, ал оның жастай жесір қалған жары Сон Со Рэ басты күдіктіге айналады. Бойжеткеннің қылмыскер екендігіне көп нәрсе нұсқайды: мотив (күйеуі оны ұрып соғатын) және жанама дәлелдер және күйеуінің өліміне немқұрайлылықпен қарауы. Сондықтан детектив Хэ Джун қызды бақылауға кіріседі. күні түні ұйықтамай Со Рады бақылап отырып, детектив ақырында екі қорытындыға келеді. Біріншіден, Со Рэнің қылмыс жасағаны әлі де белгісіз. Екіншіден, детектив Со Рэға ғашық болып қалады.

«Решение уйти» фильмі туралы түсінуіңіз керек ең басты нәрсе — бұл нео-нуар, сондықтан романтикалық жолдар, олардың арасындағы қарым-қатынас оқиғасы детективтік сюжет секілді маңызға ие. Фильм бұл екі бағытта да жақсы жұмыс істей алды. «Решение уйти» — әдемі, эмоционалды, интимді, поэтикалық, сезімтал кино. Сонымен қатар, бұл ноирдің негізгі ережесін табанды түрде ұстанатын туынды: егер әйел опасыздық жасамайды, ол алдайды, ал еркек қанша зерек тергеуші болса да, бұл алдауға түседі.

Поделиться: