Қазақстандық синоптиктер 2023 жылдың 8-10 маусымында қандай ауа райы күтілетінін айтты.
Болжамға сәйкес, республикада аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі, сондай-ақ қатты жаңбыр, бұршақ жаууы және шаңды дауыл күтілуде.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, күндіз өте қатты аптап ыстық 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін сақталады.
«8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С дейін аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 9 маусымда солтүстікте, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады.