Төтенше жағдайлар министрлігі апаттан аман қалған жолаушылар санын нақтылады

Ақтаудан үш шақырым жерде Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы апатқа ұшырап, аман қалған 28 адам Маңғыстау облысындағы ауруханаға жеткізілді.


Azerbaijan Airlines
Azerbaijan Airlines

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аман қалғандар саны 28 адам, оның екеуі балалар.

Денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала жедел мәліметтері бойынша әртүрлі ауырлықтағы жарақаттармен 28 адам медициналық мекемелерге жеткізілген. Оларға облыстағы ауруханаларда барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Оқиға орнына 23 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды.

Бұған дейін ҚР Көлік министрлігі төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берген болатын. Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын және «арнайы тергеу жүргізілетінін» хабарлады.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Әзірбайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ тұманның кесірінен ұшып келген әуежайға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағыт алғаны хабарланды.

Каспий теңізінің үстінде ұшақ SOS сигналын берді. Қайғылы оқиғаға құспен соқтығысуы себеп болды деген болжам бар.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше