"Спартак" сериалы ең алғаш 2010 жылы жарық көріп, жоба 2013 жылға дейін созылды.
Спартак біздің дәуірімізге дейінгі 73 жылы Рим республикасына қарсы жаппай құлдар көтерілісін басқарған аңызға айналған гладиатордың оқиғасына негізделген. Оқиғалардың жалғасы Спартак әскері жеңілгеннен кейін өрбиді. Басты антагонист Ашур болады, оны қайтадан Ник Тарабай ойнайды.
Дегенмен, көрермендер Ашурдың түпнұсқа сериалдың соңында қайтыс болғанын есіне алады. Шоу жасаушылардың бұл сұраққа жұмбақ жауабы бар: «Егер финалда Ашур Везувийде өлмегенде ше? Егер оған римдіктерге Спартакты өлтіруге және құлдар көтерілісін тоқтатуға көмектескені үшін бір кездері Батиатқа тиесілі гладиаторлар мектебі берілсе ше?"
"Спартак" сериалы туралы бірнеше қызықты факт:
- "Спартак" сериалы тарихи нақты деректерге негізделген. Спартак көтерілісі - ежелгі дәуірдегі құлдықты жою үшін жасалған ең үлкен көтеріліс.
- Гладиаторлар қолданған көне жаттығу қылыштары сырттай жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде олар болат қылыштардан да ауыр болған.
- Сериалда басты кейіпкер Спартактың шын есімі ешбір эпизодта айтылмайды.
- "Спартак" сериалында ер актерлер арнайы оқу-жаттығудан өтіп, ал қыздар қатаң диета ұстанып, дене шынықтыру арқылы дене пішінін сақтауы керек болған.
- Спартак сериалының 1 маусымының басты кейіпкері Энди Уитфилд 39 жасында, экрандағы кейіпкерімен шамалас жасында қайтыс болды. Сериалдың екінші маусымында басты рөлге басқа актер таңдалды.