Қарағандыда белгісіз біреу "балаларды жаппай өлтіреміз" деп қорқытуда


Полицейлер Telegram арнасындағы хабарламалардың авторын іздестіруде.

Сурет ашық дереккөзден

Белгісіз біреу көптеген баланы өлтіруге дайын екенін айтып, қарудың суретін жариялады.

Ақпаратқа Қарағанды ​​облысының полиция департаменті түсініктеме берді. Қазір құзырлы органдармен бірлесе бұл ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатқаны хабарланды.

«Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, соның ішінде бейнебақылау және олардың жанында полицияның болуын арттыруға ерекше назар аударылады», - деп атап өтті департамент.

Еске салайық, биылғы жылдың басынан бері осындай жалған хабарламалар көрші мемлекет пен Қазақстанның бірқатар қалаларында тараған болатын.

«Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыру үшін жасалған. Азаматтардан арандатушылыққа жол бермей, сабырлық сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында», - деп толықтырды ведомстводан.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбе мектептерінде белгісіз біреулер қылмыс дайындап жатыр деген ақпарат тараған болатын.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше