Арнольд Шварценеггер

Актер, бодибилдер, саясаткер, 78 жаста, Австрия


Сурет көзі: shutterstock.com
shutterstock.com

Мен Мюнхенде тұрғанда, түнгі өмір сүретінмін. Уақыттың бәрін тек түн ортасында оянатын адамдармен өткізетінмін — жезөкшелермен, бар иелерімен. Қызым стриптиз бишісі еді. Негізі мен ұйқыдағы ауылдан келген пәк жігіт болатынмын. Бірақ Мюнхенде мен тез есеюге тура келді.

Австриядан шыққан арық сирақ жігіт, Калифорнияның губернаторы болып, президент атынан сөйлеу мүмкіндігіне ие болды — міне, бұл нағыз эмигрант арманы.

Тірі жүргенімде ешқашан ұмытпаймын азамат болуға ант етіп, қолымды көтерген күнімді. Қандай мақтанғанымды білесіз бе? Сол күн бойы иығыма америкалық жалауды тағып алып жүретіндей мақтандым.

Кейде балалар маған келіп, «Эй, Арни, сен Құдайсың ба?» деп сұрайды. Әдетте мен күліп: «Жақсы талпыныс, бірақ оны басқа жерден іздеңдер» деймін.

Баяғыда бірде, Никсонның сөзін тыңдадым. Ол кәсіпкерлік еркіндік, салықты азайту, әскерді күшейту туралы айтты. Оның айту мәнері мен үшін таза ауа жұтқандай болды. Біреуден: «Ол қай партиядан?» деп сұрадым. Маған: «Ол республикашыл» деді. Мен: «Онда мен де республикашыл боламын» дедім.

Адамдарға әрдайым біреу керек, оларды бағып-қадағалайтын. Дүниежүзіндегі адамдардың 95 пайызына біреу не істеу керегін, қалай ұстау керегін айтып тұрғаны қажет.

Мен әрқашан қатты қызықтым құдіретті адамдарға — диктаторларға, соған ұқсастарға. Адамдардың жүздеген жылдар өтсе де есінде қалатынына әрдайым таңғалатынмын. Иса сынды — мыңжылдықтар бойы есте қалатын адамдарға таң қалатынмын.

Мұнда, Америкада, бәрі ақшаға құрылған. Саған мың алғыс, Құдай! Бұл әрдайым маған көп көмектесті.

Жеңіс күш бермейді. Күшті күрес береді. Егер сен күресіп, берілмесең — міне, нағыз күш сол.

Алпысыншы жылдардың соңында, мен өзімді жеңімпаз сезіндім. Менің тағдырым — ұлы істер екенін білдім. Адамдар мұндай ойдың өзі әдепсіздік деп есептейтінін де білемін. Бірақ «күрделілік», «кіші пейілдік» — бұлар ешқашан маған жарасатын сөздер болған емес. Және солай болып қала беретініне үміттенемін.

Көпшілік спортшыларды және модельдерді қоғам жай ғана миы жоқ жүретін денелер деп санайтынын білемін.

Мен америкалықтарды ескерткім келеді, адамның күнделікті тіршілігін оның жыныстық тәжірибесімен үнемі байланыстыра беруден сақтандырғым келеді. Егер қолыңда қарындашты қысып ұстасаң, бұл, сірә, фалликалық символ болып шыға келеді де, расында сен қолыңа тұрғызылған мүшені ұстап тұрғың келеді-мыс. Ал футбол жаттықтырушысы тіпті жақсы жаттықтырушы болуды ойламайды-мыс. Оның ойлайтыны — сүйкімді бірнеше футболшының бөксесін шапалақтау екен-мыс. Әрі, әрине, ол құпия гомосексуал екен. Міне, осылай — әр нәрседе, әрдайым, әрбір қырғын минут сайын.

Жыныс мүшесі — бұл бұлшық ет емес. Оны иық пен кеуде секілді «качать» алмайсың. Оны жаттығып, үлкейте алмайсың. Маған сеніңіздер, бұл рас.

Нью-Йоркті психиатрлар басқарады. Бүкіл Америка өзінде аз да болса жыныстық бұзылыс бар деп сенеді. Сондықтан жұрттың бәрі жаппай «мозгоправтарға» қарай жүгіреді.

Кейде, керемет төсімен және ғажап бөкесі бар аққұба қызды көргенде, ойлайсың: әй, мұның ақылы шамалы шығар, өйткені одан өзге ұсына қояр ештеңесі жоқ. Көп жағдайда солай. Бірақ бір жерде сондай біреуі бар — кеудесі қандай әсем болса, ақылы да сондай; жүзі қандай көркем болса, жомарттығы да сондай; денесі қандай керемет жаратылса, іші де сондай керемет. Осындай адамдар барын түсінгенде, жай ғана есіңнен танып қала жаздайсың.

Бірде мен Guess (ағылш. «жорамалда», дәл осы аттас киім өндіруші компанияның тауар белгісі. — Esquire) деген жазуы бар свитер киген әйелді кездестірдім. Сонда ойладым: мұнда несін болжау керек? Бәлкім, қалқанша безімен мәселелер бар шығар.

Жеңілуa0— бұл нұсқа емес. Әркім табысқа ұмтылуы тиіс.a0

Тірі болуa0— дегеніміз үнемі аш жүру. Өмірдің мәні жай ғана бар болып, күнелтіп жүруде емес, алға, жоғары ұмтылып, жетістікке жетіп, бағындыруда.a0

Маған қызыл түс ұнайды, өйткені ол — оттың түсі. Ал маған үнемі өзім отпен өмір сүріп жүргендей көрінетін.a0

Әр фильмімде мен ғашық болған бір нәрсе барa0— тапанша.a0

Менің досым Джеймс Кэмерон менімен бірге үш фильм түсірдіa0— «Шындыққа жанаспайтын шындық» («True Lies»), «Терминатор» және «Терминатор-2». Әрине, мұның бәрі киноның алтын дәуіріндеa0— арзан бюджетті артхаус заманында болды.a0

Сізa0маған айқайлай аласыз, түн ортасында түсірілімге сүйреп апара аласыз, мені сағаттап күттіре аласыз, қалағаныңызды істей беріңізa0— тек нәтиже экранда мінсіз көрінсе болғаны.a0

Менa0сиквелдер жасағанды қатты жақсы көремін.a0

Маған ешкімнің ақшасы қажет емес. Өзімде жеткілікті, әрі мен барлық шешімді тек адамдардың игілігі үшін қабылдаймын.a0

Саяси батылдықa0— саяси өз-өзіңді құрту деген емес.a0

Ғаламдық жылынуa0— жер сілкінісі емес, бұл кенет бәрі тарс-гүрс етіп, қарауытып, «Мәссаған! Қатты соқты ғой!» деп айқайлайтын дүниелердің бірі емес. Ғаламдық жылыну — жайлап жақындайтын нәрсе. Температура жарты градусқа көтеріліп, мұхит деңгейі жарты миллиметрге өседі, мұздықтар жіңішке жылғалармен мүжіліп еріп жатады. Бәрі өте баяу жүреді. Сосын бір кезде мұның бәрін түзетуге тым кеш екенін түсінесің.a0

Менің хаммерлерімa0— жай хаммер емес. «Дженерал Моторс» жігіттерінен біреуін сутекке ауыстырып беруді сұрадым. Бұл — бүкіл әлемдегі сутек қозғалтқышы бар жалғыз хаммер. Тағы бір хаммерді дизельден биожанармайға көшірдім. Бірақ менің губернатор екенін ұмытпаңыздар, енді өзім көлік айдай алмаймын. Мені Калифорния полициясының жол-патрульдік бөлімі тасиды. Сондықтан менің хаммерлерім гаражда шаң басып тұр.a0

Ер адам ойлана бастаған сәтте өз әлсіздігі мен қоғамдағы рөлі туралы, дәл сол сәтте-ақ билікті әйелдер иемденіп алды ма деп уайымдай бастайды.a0

Менің тәнімa0— таңғы ас сияқты, түскі не кешкі ас сияқты. Мен бұны мүлде ойламаймын, менде ол бар, бітті. Дене бітімім ұнайтындар бар. Ұнамайтындар да бар. Бұрын мен тәнімді әңгіме бастауға табиғи себеп ретінде пайдаланатынмын. 42-ші көшемен қаршығасын жетектеп келе жатқан адам да әңгімеге табиғи себепке ие болады.a0

Менa0енді суперқаһарман болғым келмейді. Жылтырақ сауыт киген сері болғым келмейді, жай ғана ең соңғы қатарда отырғандардың өзі: әне, анау жігіт нағыз қаһарман, ол бәрінің сазайын береді де, оңбағандардың бәрін әжетханаға жіберіп тығады дейтіндей. Мұның бәрі 1980-жылдары мен 1990-жылдардың басында жұмыс істеді. Ал қазір мұның жөні жоқ.a0

Әлем өзгерді. Бүгінде алыс елдерге сапар шеккенде, бұрынғыдай спортзал іздеп, етек-жеңді жия жүгіріп қажеті жоқ. Енді спортзал туралы сұрасаң, саған: мырза, біздің қонақүйде ондайлар бірнешеу, дейді.

Мен Құдайға сенемін. Демек, мен оған қарсы тұратын күшке де сенемін— яғни шайтанға. Біз жақсылыққа да, жамандыққа да сенуіміз керек сияқты. Өйткені екеуі де бізде бар.

Мені шайтан ешқашан азғырған емес. Ол маған ұсына алатын ештеңе жоқ. Мен бұл туралы көп ойландым: оның маған бере алатыны— тек уақытша ләззаттар. Шайтанмен әрдайым солай.

Мен бала кезімде, менде сенім тым аз еді. Аптам сайын жексенбі күндері шешем мені шіркеуге сүйреп апаратын, ал қарсылассам, жуан шапалақ тиетін. Кейін есейіп, қарсы шығуға мүмкіндік туған кезде— бұл он сегіз-он тоғыздар шамасында еді, — мен аспанда қалықтап кеткендей болдым. Көңілім көтеріңкі еді— өйткені мен бодибилдингтен чемпион болдым. Сол кезде шіркеуге баруды қойдым. Маған бұл ақылға қонымсыз көрінді. Ал кейін, жас ұлғайғанда, әсіресе балаң болғанда, сенім біртіндеп қайта оралады. Саған біреудің бірдеңе еске салуы қажет болмайды. Сен өзің бастағаныңа өзің қайта ораласың. Ата-анаңның не үйреткенін еске алып, соны өз балаларыңа үйретесің. Ойланып: қазір мұның мәні бар дейсің. Кейін, әрине, сенің балаларың да қарсы шығады. Сосын олар да сенімге қайта оралады. Бұл — шеңбер, басқа түрі болмайды.

Солай болса да мен әлі күнге дейін жеңіл акцентпен сөйлеймін, бәріне қол жеткізе алдым.

Үміттенемін, бір күні президент Кеннеди 50 мың адамның алдында тұрған сәттегідей сезімді сезіне аламын, сол жұрттың бәрі қол шапалақтап, оның айтқандарының бәрімен келісе айғайлаған кезде.

Мен ешқашан өмірімді саясаткер болуға арнап сүрген жоқпын. Мен ешқашан өмірімді Калифорния губернаторы болуға арнап сүрген емеспін.

Мен көп сурет саламын, білесіз бе. Кейде сиырлар саламын. Олар менде күлгін не көк түсті. Өйткені сиырды өз табиғи түсімен боясаңыз— ол қызықсыз болады.

Мен өзіме сырттай қарай аламын. Артыма бұрылып, өзімнен: бұл көңілді болды ма? Адамдарға май жағылған денемді көрсету көңілді болды ма? Иә, бұл керемет еді. Жаттығуларға өте салмақты қарадым. Бірақ жерді орнынан қозғай аламын деп ойлайтындай шектен тыс тым салмақты болуға болмайды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше