Асхат Аймағамбетов педофилдерді хирургиялық кастрациялауды қолдады


Ол сондай-ақ мұндай адамдарды «адам деп атауға болмайтынын» және ең ауыр жазаға лайық екенін айтты.

Фото: ашық дереккөзден

Депутат Аймағамбетов педофилдерге хирургиялық кастрация енгізуді ұсынған әріптестерін қолдады.

"Мен басқа адамдардың құқықтарын қорғауға қатысты заңды түсінемін, бірақ осы елдің азаматы ретінде түсінбеймін. Біздің еліміз адамды азаптауға қарсы конвенцияға қол қойған. Әріптестердің айтуынша, біздің міндеттерімізге бұл норманы қабылдау сәйкес келмейді. Бірақ талқылау жалғасуда, заңнамалық жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды», - деді депутат.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының басшысы Елнұр Бейсенбаев педофилдерді хирургиялық кастрациялау қатысты пікір білдірген еді.

«Жаңа ғана отырыста хирургиялық кастрация бойынша айттым. Бізде норма болды, оны ұсындық. Бірақ Үкімет қолдамады. Оны педофилдің жеке өміріне қолсұғушылық деп таныды. Бізде қазір биологиялық, химиялық кастрация бар. Біз педофилдерге қатысты хирургиялық кастрацияны ұсынып отырмыз. Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылатын норма енгіздік. Ал хирургиялық кастрацияны енгізу қажетін айтып отырғаным, ертең жаңа Парламент пен депутаттар жаңа заң қабылдап жатса, педофилдердің бостандыққа шығып кетпеуіне ешқандай кепілдік жоқ. Екіншіден, бұл педофилдерге осындай жаза қолданылу алдын алуға септігін тигізеді», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутаттың айтуынша, хирургиялық кастрацияны қолдануды сот шешеді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше