Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентіне құттықтау жеделхатын жолдады


Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Джозеф Байденді және Америка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Сурет: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қазақстан мен Американың қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, инвестиция тарту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің және екі ел халықтары арасындағы қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өзара байланысын нығайтуға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы ынтымақтастықтың одан әрі табысты дами беретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, АҚШ тәуелсіздік күні — АҚШ-тың Ұлыбритания Патшалығынан тәуелсіздігін жариялайтын 1776 жылғы АҚШ тәуелсіздік декларациясының қабылдануы. Жыл сайын бұл күн Америка Құрама Штаттарында 4 шілде күні тойланады, сондай-ақ бұл күн АҚШ-тың мемлекеттік мейрамы болып есептелінеді.

Тәуелсіздік күні АҚШ-тың азат, әрі тәуелсіз ел ретіндегі туған күні болып саналады. Америкалықтардың көпшілігі бұл күнді күніне қарап атайды — «Шілденің төртісі». Бұл мейрамда отшашулар атылады, парадтар, барбекю пісіру, карнавалдар, жәрмеңкелер, пикниктар, концерттер, бейсбол ойындары, отбасылық кездесулер өткізіледі, сондай-ақ билік адамдары халыққа жолдау жолдайды, әртүрлі рәсімдер өткізіледі. Тәуелсіздік күні — бұл АҚШ-тың ұлттық мейрамы.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше