Шет елдерге жиі саяхаттасаңыз да түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Саяхаттау кезінде билетіңіз бен төлқұжатыңыздан бастап, қаражатыңызға дейін абай болуыңыз. Дегенмен, қарапайым қағидаларды естен шығармасаңыз өзіңізді қорғау қиын емес.

Қауіпсіз саяхаттауға арналған 7 кеңес
Сурет ашық дереккөзден
  1. Ақшаны сақтаудың бір ғана әдісімен шектеліп қалмаңыз.

Қолма-қол ақшаның жоқтығы немесе тек банк картасындағы ақшамен шектелу — саяхатшы тап болатын негізгі дилеммалардың бірі. Қай жерде ақшаны қалай қабылдайтынына әмбебап жауап жоқ. Ең дұрыс шешім — барлық жұмыртқаларды бір себетке салмау. Ақшаны «банк картасында» және қолма-қол ақшаға бөліп салыңыз. Өзіңіз тұрақтаған қонақ үйдегі сейфте қолма қол ақшаның бір бөлігін сақтаңыз, себебі қомақты қаржыны өзіңізбен алып жүру қауіпсіз. Қалтаңыздағы ақшаңызды немесе картаңызды жоғалтқан жағдайда сейфте артық ақшаңыз тұрсын. Сіздің картаңыз саяхаттаған елде төлем жасауға жарамды ма, жоқ па, соны банкіңізден тексеріп алыңыз және саяхаттау кезінде онымен күдікті дүкендерде төлем жасамауға тырысыңыз. Сатушыдан әрқашан төлем операциясын сіздің көз алдыңызда жүргізуін сұраңыз.

2. Барынша жаяу жүріп, ақша үнемдеңіз

    Ақшаңызды сейфте сақтау — тамаша нұсқа, бірақ қалтаңыздағы ақша туралы ұмытпаңыз. Әсіресе көп ақша жұмсауды жоспарламасаңыз, қолыңызда аз қаражат болғаны жақсы. Әмияныңызды артқы қалтаңызда немесе дұрыс жабылмайтын сөмкеде ұстауға болмайды. Рюкзактар ​​да жақсы нұсқа емес. Ең жақсы нәрсе — сөмкеңізді әрқашан көз алдыңызда ұстау. Белдік сөмкелері сәнге қайта оралуда. Олар жинақы, алуан түрлі түстерде жасалған және бұл аксессуар қалада серуендеу кезінде таптырмас сейф болады. Белдік сөмке қолдарыңызды босатуға және мұқият болуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік туралы ұмытпай, сапардан ләззат алыңыз.

    1. Құжаттарыңыздың көшірмелерін жасаңыз

    Біздің ешқайсымыз құжаттар мен ақшаның жоғалуынан немесе ұрлануынан қорғалмағанбыз. Саяхаттау кезінде бұл қауіп арта түседі. Жоғалған құжаттарды қолыңыздағы көшірмелерімен қалпына келтіру әлдеқайда оңай болады. Қауіпсіздік үшін барлық құжаттардың қағаз көшірмелерін жасап, қонақ үй сейфінде сақтаңыз. Бұған қоса, билеттер мен төлқұжаттардың сандық көшірмелерін міндетті түрде жасап, оларды тек телефонда ғана емес, сонымен қатар кез келген құрылғыдан қол жеткізуге болатын бұлттық қоймада сақтау керек. Бұл қарапайым әдістер жаңа құжаттарды алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді және сіз уақытыңызды, ақшаңызды және жүйкеңізді үнемдей отырып, өз еліңізге қайта орала аласыз.

    1. Сақтандыруды назардан тыс қалдырмаңыз

    Туристік сақтандыру сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі болып табылады. Бұл, бәлкім, сапарға дейін жасай алатын ең тиімді инвестиция және визалық құжаттарды сәтті тапсыру үшін ғана емес, қауіпсіздік үшін жасауға тұрарлық қадам. Біріншіден, сақтандыру құжатын толтыру арқылы сіз стресстік жағдайларда тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы кеңес алу мүмкіндігіне ие боласыз. Екіншіден, сіз оралған кезде рейстің кешігуіне немесе тоқтатылуына байланысты медициналық немесе қосымша шығындарды өтей аласыз. Үшіншіден, қандай жағдай болса да, саяхатыңыз қауіпсіз екенін біле отырып, өзіңізді әлдеқайда жайлы сезінесіз. Сапардың мақсаты мен баратын жеріне байланысты сақтандыруды таңдау керек.

    1. Қажетті вакциналарды алыңыз

    Африканың немесе Оңтүстік-Шығыс Азияның бір жеріндегі экзотикалық ел — дәстүрлі маршруттарды ұстануға дағдыланбаған саяхатшылар үшін тамаша орын. Ал белгісіз аурудың қаупі сіздің жоспарларыңыздан бас тартуға себеп емес. Көп жағдайда бір вакцинамен қауіпті сейілтуге болады. Сіз бұл туралы саяхатқа шығатын күннен бір ай бұрын ойлануыңыз керек. Бұл вакцинациядан кейін дененің иммунитетін көтеру үшін қажет уақыт. Кейбір елдерге барған кезде вакцинация алу ерікті болғанымен, басқа елдерде міндетті болатынын есте сақтаңыз. Саяхатқа шығатын мемлекетіңіздегі эпидемиялық жағдай туралы сұраңыз.

    1. Қайыршыларға ақша бермеңіз және көшедегі саудагерлерден сақ болыңыз

    Жомарт болу керемет, бірақ ол қауіпті болуы мүмкін. Үйсіз адамның алдына – әдетте адам көп жиналатын жерде тоқтап, әмияныңызды жұртшылықтың көзінше шығару сізді көше ұрыларының оңай нысанасына айналдыруы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі адамның жанынан өту сізге ауыртпалық әкелсе, қажет болған жағдайда оңай алу үшін қалтаңызға ақша салып қойыңыз. Көшедегі сатушылардан да сақ болыңыз, әсіресе адамдар көп жиналатын түрлі-түсті барахолкаларда әмияныңыздан айырылуыңыз мүмкін. Сөмкеңізді жіберіп алмаңыз, сақ болыңыз.

    1. Жергілікті заңдар мен әдет-ғұрыптарды біліңіз

    Біз бәріміз өміріміздің соңына дейін сақталатын керемет естеліктеп мен жаңа тәжірибелер, эмоциялар үшін саяхатқа шығамыз. Жаңа мәдениет әрқашан қызықты тәжірибе, бірақ саяхат сақтықты қажет етеді. Жергілікті заңдар мен әдет-ғұрыптар ұлттық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады және оларды білмеу жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Еуропа елдерінің көпшілігінде бәрі азды-көпті түсінікті болғанымен, Сингапурда, мысалы, сағызды жерге лақтырғаны үшін, ал Бангкокта пілді тамақтандырғаны үшін айтарлықтай үлкен айыппұл алуға болады. Баратын еліңізде қолданылып жүрген тыйымдарды мұқият зерделеу арқылы сіз өзіңізді ақша жоғалтудан ғана емес, полициямен танысудан да қорғай аласыз. Егер сіз көлікпен саяхаттауды жоспарласаңыз, жергілікті жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде зерттеңіз — бұл сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.

    Поделиться: