Автокөлік мамандары 2024 жыл әртүрлі компаниялардың жаңа өнімдерінде нағыз серпіліс болады деп мәлімдейді. Электромобильдер үрдісі күшейіп келе жатқанымен, өндірушілер бұрынғысынша дәстүрлі отын қозғалтқыштары бар автомобильдерге де назар аударуда.
Kia EV9
Kia EV9 2024 жылы өте практикалық және инновациялық автокөлік болуы мүмкін. Оның 100 кВт батареясы, 380 ат күші, 359 мильге дейінгі қашықтықты оңай бағындыруы мен алты орынды кең салоны бар.
2. MG Cyberster
Бұл толыққанды электромобиль, салмағы екі тоннаға жуық. Ол 335 ат күші арқасында 4,6 секундта 60 миль/сағ жылдамдыққа жетеді және шатырын ашу үшін небары 10 секунд кетеді.
3. Hyundai Ioniq 5 N
Ioniq 5 N ең керемет электрлі хэтчбек болуға уәде береді. Ол 3,4 секундта 0-ден 60 миль/сағ жылдамдыққа жететін 641 ат күшін құрайды. Синтетикалық қозғалтқыш дыбысы бензин табынушыларын таң қалдырып, газ әуесқойларын қуантады деп сендіреді.
4. Dacia Duster
Dacia's Duster әрқашан отбасын тасымалдаудағы жеңіл тәсілінің арқасында ең тартымды жол талғамайтын көліктердің бірі болды. Компания осы ұстанымға әлі де берік. Олар Duster-ді қалаулы ететін гибридті нұсқаны әзірледі. Көлік 2024 жылдың екінші жартысында сатылымға шығады.
5. Range Rover EV
Бұл жаңа өнім туралы мәлімет әлі аз, бірақ автомобиль мамандары бұл көшірмені асыға күтуде. Rolls Royce бұған дейін электромобильді қаншалықты сәнді жасауға болатынын көрсеткен болатын. Әзірге жаңа өнімнің Ұлыбританияда шығарылатынын нақты болжауға болады, ал бағасы алты санды құрайды.
6. Toyota Land Cruiser
Біз көп білмейтін тағы бір көлік, бірақ бұл аты аңызға айналған Toyota Land Cruiser-тің қайта жаңаруы сияқты. Land Rover-тің қайта жанданып, Defender-ге бағытталған бұл көліктен сәнді утилитарлы мүмкіндіктерді күте аласыз. Жалпы алғанда, автокөлік кез келген жерде абсолютті жайлылықпен саяхаттауға мүмкіндік беруі керек.
7. Volvo EX90
Көлік басынан-ақ толыққанды электромобиль ретінде жасалған. Бұл қадам нарықтағыдан жоғары практикалық жаңа деңгейлерді жасай алады. Үлкен аккумуляторлар, қуатты қозғалтқыштар және толық жеті орындық бұл көлік кез-келген жүргізушіні еліктіреді.
8. Fiat 600-e
600e - бұл жас отбасылар үшін өте қолайлы толық электрлік көлік. Алдыңғы 500-e көлігінің иелеріне жаңа модель көбірек ұнауы мүмкін, сондықтан дайын болыңыз.
Мақалада қолданылған дереккөз: carthrottle
Ақерке Дүйсенбай