Шолпан-Атада өткен көкбөрүден әлем чемпионатының ашылу салтанатында қазақ ақыны екі халықтың достығын арнап жырдан шашу шашты.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа айғыр сыйлады.
Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Дайырбек Орынбековтың айтуынша, 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөрүден әлем чемпионатының ашылуында Садыр Жапаров Бішкекте қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты сыйлық күтіп тұрғанын айтқан.
Ал бүгін, 20 тамызда Президенттің менеджері Қаныбек Түмонбаев Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.