Қазақстан 50 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды


Қазақстан-Германия бизнес-форумына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қатысты.

Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысының сөзінде жаңартылатын энергия көздері ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ең перспективалы секторларының бірі ретінде де атап өтілді.

Елбасының айтуынша, Қазақстанда жасыл сутегінің әлемдік көшбасшысы болу үшін барлық алғышарттар бар.

«Біз SVEVIND Group компаниясымен құны 50 миллиард доллар болатын жасыл сутегін өндіру жөнінде келісімге қол қойдық. Қазір бұл – әлемдегі ең ірі жобалардың бірі. Қазақстанның осы саланы дамыту әлеуеті әлдеқайда зор.

Жасыл сутегі өндірісі экологиялық таза болат, алюминий және басқа да металдар өндірісіне жол ашады. Германияның жоғары технологиялық шешімдерімен және Қазақстанның ресурстарымен біз, шын мәнінде, алдымызға биік мақсаттар қоя аламыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев инновациялар, цифрландыру және адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығына назар аударды. Осы орайда ол алдағы уақытта Ақтаудағы Каспий мемлекеттік университетінде Қазақстан-Германия инженерлік институтының және Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қазақстан-Германия ғылым және технология институтының ашылуын құптады, бұл біздің елде адами капитал мен бәсекеге қабілеттілікті одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше