Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Бас прокуратурада өткен брифингте Қазақстанға қайтарылған 631 миллиард теңге активтердің алтыдан бір бөлігі асыл тастар мен металдар түрінде қайтарылды.
Президент жарлығымен "Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия" құрылған болатын.
Кейін комиссия 631 миллион теңгені мемлекетке қайтарып үлгергені белгілі болды.
"Оның ішінде 421 миллиард теңге қылмыстық істер бойынша келтірілген залалды өтеу түрінде өтелсе, оның 314 миллиард теңгесі қолма-қол, 107 миллиард теңгесі асыл тастар мен металдар түрінде өтелді», - деп түсіндірді Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметі басшысы Артур Ластаев.
Ведомство елге қандай зергерлік бұйымдардың қайтарылғанын түсіндірмеді. Бұл сараптамадан кейін белгілі болады деп хабарланды.