Барлық қазақстандықтар мен шетелдік туристер республика бойынша рейстерге жеңілдікпен әуе билеттерін сатып ала алады.

Қазақстанда ішкі рейстер арзандайды
Фото: AirAstana

Көлік министрлігі операциялық шығындарды өтеу үшін әуе тасымалдаушыларына 8,2 млрд теңге жібереді.

«Қазіргі таңда 23 рейсті 8,2 млрд теңгеге субсидиялау жоспарлануда, ал қазір бұл сома 6,6 млрд теңгені құрап отыр», — деді азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева.

Салтанат Еркінқызы тұрғындарға әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушылар ағынын қалыптастыру мақсатында субсидиялау бағдарламасы 2002 жылдан бері қолданылып келе жатқанын түсіндірді. Бұл әсіресе рентабельді емес аймақтарға қатысты.

Салтанат Томпиева субсидияланатын рейстерге билет құнын реттеуші орган бекітетінін, бірақ бұл қазақстандықтардың коммерциялық бағыттардағы билетті сатып ала алмайды дегенді білдірмейтінін атап өтті. ҚТА төрағасының айтуынша, әрбір отандық авиакомпания 20-ға дейін тариф түрін ұсынады.

Спикер артық төлем жасамау үшін билеттерді ұшудан кемінде 14 күн бұрын сатып алуды ұсынады. Ол Көлік министрлігі ұшақ билеттерін сату бойынша агрегаторлармен сөйлесіп, олардың жүйелері ешбір жағдайда ішкі бағыттар бойынша шет елдер арқылы ұшу нұсқаларын ұсынбайтынына сендірді. Нәтижені шығарудағы осындай техникалық ерекшелікке байланысты қазақстандықтар төтенше жағдайлар кезінде авиакомпаниялар билеттер құнын бірнеше миллионға дейін өсіреді деген қате пікірде.

Азаматтық авиация комитетінің басшысы сондай-ақ биыл Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа терминалдар жұмыс істей бастайтынын еске салды.

«Алматы әуежайының өткізу қабілеті 14 миллион жолаушыға дейін артады. Шымкентте өткізу қабілеті сағатына 150-ден 2000 жолаушыға дейін ұлғайтылады. Тиісінше, жолаушыларға қызмет көрсету жақсарып, әуе көлігіндегі жолаушылар айналымы артады», — деп түсіндірді ол.

Атап айтқанда, Қазақстанға ұшулар санын малайзиялық лоукостер AirAsia X ұлғайтады. Бұл да бесінші әуе еркіндігінің енгізілуіне байланысты. Әуе компаниясы Қазақстандағы пункттерге транзиттік қонуға және үшінші елдерге рейстерді жалғастыра алады.

«AirAsia X Куала-Лумпур-Алматы рейсін 14 наурызда бастады. Жыл соңына дейін бұл бағытта «Эйр Астана» пайда болады деп күтудеміз. Сондай-ақ мамыр айының соңынан бастап біз Астана-Прага рейсін аштық, ал 15 маусымнан бастап көптеген өтініштерге байланысты «Эйр Астана» Астана-Сеул рейсін қайта жалғастыруда. Сондай-ақ Өзбекстан аумағында жаңа нүктелер пайда болды. Мәселен, Түркістаннан Самарқандқа ұшатын болады. Алматы-Нүкіс ашылады. Түркияға жаңа рейстер ашылады», — деп қосты азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда әуе қатынасының бағасы жылына 67%-ға дейін өскен.

Поделиться: