Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Chess Stars халықаралық турнирінің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді.
Қазақстандық Мәскеудегі рапид турнирінің басты сенсацияларының бірін жасады, себебі ол Ресейден келген әлемдегі ең мықты гроссмейстерлердің біріне жалғыз жеңіліс әкелді.
Ресейлік топ ойыншы жеңілгенін айтып, қарсыласының мықтылығын мойындады: «Мен әлем чемпионынан жеңілдім, ол өте жақсы ойнайды», - деді Сергей Карякин.
Турнирдің ресми сайтында жарыстың басталуына бір-екі күн қалғанда 14-ші әлем чемпионы Владимир Крамникті артта қалдырған қазақстандық Асаубаева 4 ұпай жинаса, 6,5 ұпаймен үндістандық Раунак Садвани көш бастап тұр.
Рапид турнирінен кейін қатысушыларды блиц күтіп тұр. Ойындар 28 және 30 қаңтарда өтеді.
Жүлде қоры 15 миллион рубльді құрайтын чемпионатта әлемнің жұлдызды шахматшылары бақ сынасады. Жоғарыда аталған спортшылардан бөлек, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Франциско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лахно және т.б. қатысады.