Қазақстан ресейлік Wildberries компаниясын 30 жылға салықтан босатудан бас тартты


Ресейлік Wildberries базары Қазақстан билігінен компанияға ерекше жағдай жасауды талап еткен, деп жазады esquire.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекетке олигополиялардың меншігінен 400 мың гектар жер қайтарылды.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, билік Wildberries компаниясымен бірнеше жылдан бері келіссөздер жүргізген.

«Олар әртүрлі пікірлер айтады. Ең алғашқы келіссөздерде Wildberries 30 жылға салықтан босатуды, сондай-ақ қоймалар салуға көмектесуді талап етті. Әрине, біз мұндай шарттарға келіспедік. Біз оларға барлығына ортақ шарттармен жұмыс істеу керектігін айттық. Неліктен біз шетелдік компанияға тегін қоймалар салып, 30 жылға салықтан босатамыз?», - деді ол.

Айдаровтың айтуынша, осы себепті Қазақстандағы Wildberries ірі қоймаларсыз жұмыс істейді.

Бұған дейін вице-министр дипломаттар Apple компаниясының Алматыда өкілдігін ашуға келісіп жатқанын айтқан болатын.

Ал, 60-тан астам ірі компания Ресейден Қазақстанға көшкісі келеді. Жалпы, Сыртқы істер министрлігі 362 компаниямен келіссөздер жүргізуде.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше