Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты.

«Адамдар жұмысқа орналасу мақсатында келеді, жұмыс істеймін дейді, бірақ біз әрқашан 10 пайыздық шегерім бар-жоғын есептейміз. Егер олар болса, онда нақты жұмыс орындары бар. Бүгінде Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының 22,5 мың азаматы жұмыс істеуде және 2022 жылдың басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасты», — деді министр.

Оның айтуынша, қызмет көрсету саласы жұмысқа орналасқысы келетіндер арасында ең танымал болып шықты.

«Олардың негізінен 72 пайызы қызмет көрсету саласына келеді. Өнеркәсіп — 16 пайыз, шамамен 9 пайыз — құрылыс, 2 пайыз — ауыл шаруашылығы. Мамандықтардың ішінде есепші, тұтынушыларға қызмет көрсету менеджері, сатушы, көлікпен айналысатындар, жүргізушілер бар. Бұл шамамен үздік 5 мамандық», — деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Поделиться: