Қазақстанда ArcelorMittal компаниясының жұмысына тыйым салынуы мүмкін


Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамауына байланысты қатаң шаралар қабылдануда.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы ArcelorMittal қызметіне тыйым салу мүмкіндігін мәлімдеді.

«Өздеріңіз білесіздер «АрселорМиттал Теміртау» басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатыр. Тіпті, АМТ Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген сұрақ туындап отыр», - деді Қайырбек Өскенбаев Сенат отырысында.

Ол президенттің тапсырмасы бойынша үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрды деп сендірді.

«Әр министрліктен 70-тен астам маман жұмыс істейді. Нәтижелері жақын арада жарияланады. «Арселор Миттал Теміртау» басшыларына қатаң шешімдер қабылдауға тура келеді», - деп қосты министр.

Бейсенбі, 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының кокс өндірісінде тағы бір адам өлімі болды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше