Қазақстанда бензин өндірісі уақытша тоқтатылды


Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін өндіруді тоқтатты, себебі қоймалар толып кеткен.

Фото

Бұл туралы қоғамдық тыңдауда ведомство басшысы Алмасадам Сатқалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, жақын арада Қазақстанға жанармай тапшылығы қауіп төндірмейді. Баға да өспейді.

«Қазіргі уақытта мұндай факторлар мүлдем жоқ, яғни бізде барлық мұнай өнімдерінің нарығында үлкен профицит бар шамадан тыс өнім алуды болдырмау үшін зауыттардың санын көбейту керек», - деді Сатқалиев.

Энергетика министрлігі АИ-92-нің бөлшек саудадағы бағасын алдын ала реттеп отырады. Егер мемлекеттік реттеуді алып тастаса, бағасы литріне бес теңгеге қымбаттауы мүмкін.

«Егер болжамды өсім туралы айтатын болсақ, менің ойымша, қысқамерзімді перспективада баға ең көбі бес теңгеге өседі. Бірақ оны нарық көрсетеді. Қазір айтарлықтай әсер ететін факторлар жоқ», – деді Сәтқалиев.

АИ-92 литрі Қазақстанда – 205 теңге болса, Арменияда – 555 теңге, Қырғызстанда – 318 теңге, Ресейде – 244 теңге, Өзбекстанда – 405 теңге.

Қазақстанда жергілікті жүргізушілер үшін дизель отынының бір литрінің бөлшек саудадағы бағасы – 295 теңге, Арменияда – 612 теңге, Қырғызстанда – 363 теңге, Ресейде – 316 теңге, Өзбекстанда – 450 теңге.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше