2023 жылдың шілдесінен бастап еңбек кодексінде «төрт күндік жұмыс аптасы» ұғымы пайда болды.
Еңбек кодексіндегі өзгерістен соң hh.kz жұмыс іздеу қызметі жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізіп, компаниялардың өзгерістерге қалай қарайтынын анықтады. Сауалнамаға 83 қазақстандық компания қатысты.
Сауалнама нәтижесі бойынша бірде-бір компания төрт күндік мерзімге ауыспаған. 69%-ы мұндай мүмкіндікті қарастырмайды да. 3% ұқсас перспективаны көреді, бірақ жақын арада өзгеріске дайын емес.
Көптеген компанияларға үздіксіз өндіріс, тұтынушыларға тәулік бойы техникалық қолдау көрсету, сондай-ақ маңызды қызметтерді көрсету керек. Сонымен қатар, жұмыс уақытының қысқаруына байланысты жұмыс көлемі қысқарып, пайданың азаюына, бұл өз кезегінде жалақының төмендеуіне әкеліп соғады деген қауіп бар.
Тағы бір себеп жұмыс уақытының есебін жүргізудің қолайсыздығын және қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуге сұранысының жоқтығын көрсетті.
Болашақта төрт күндік аптаға көшуді ойластырған жұмыс берушілер бұл мүмкіндікті тек вахталық кестемен жұмыс істейтін қызметкерлерге ұсынуға дайын.
2014 жылы Халықаралық еңбек ұйымы барлық елдерге төрт күндік жұмыс аптасын енгізуді ұсынды. Қазақстанда бұл бастама 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.